Семейдің ЖЭО-да өрт – құтқарушылар мен сарбаздар көмірді қолмен салып жатыр
Көмірді қолмен салып жатыр. Семейдегі жылу электр орталығынан өрт шығып, отын жеткізетін қондырғы істен шықты. Қазандықтағы от сөніп қалмас үшін құтқарушылар мен әскери бөлім сарбаздары көмірді қолмен салып әлек.
Автор: Ұлан Нұрахмет
15.12.2022
Жылу қазандығында өрт түнде тұтанған. Бір сағатта сөндірілгенімен, отын жеткізетін қондырғы істемей қалыпты. Сондықтан қазандықтарға тонналаған көмірді сарбаздар қолмен салуға мәжбүр. Соның салдарынан шаһардың сол жағалауындағы үйлердің 70 пайызында жылу температурасы төмендеді. Оның үстіне сақырлаған сары аяз да басылмай тұр. Қазір өрт болған жылу орталығында қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Жергілікті атқамінерлер ақау көп ұзамай қалпына келтіріледі деп сендірді.
Дмитрий Гариков, Абай облысы әкімінің орынбасары:
- Түнде жылу беру 47 градусқа дейін төмендеді. Қазір жылу электр орталығын қалпына келтіруге 100-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр. Кешке дейін бұл жұмыс аяқталады. Қазандық қуатына толық келтіріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!