{metadescription}
Тәуелсіздік күні өңірлерде қалай аталып өтті
Тәуелсіздік күні өңірлерде қалай аталып өтті

Тәуелсіздік күні өңірлерде қалай аталып өтті

Өңірлерде де бүгін тәуелсіздік күні кеңінен атап өтілді. Қазақстанның түкпір-түкпірінде әнұранымыз шырқалып, ескерткіштерге гүл шоқтары қойылды.

Семейде Қайрат Рысқұлбеков ескерткіші жанында бейбіт шеру өтті. Жиынға желтоқсан оқиғасына қатысқандар мен ардагерлер және қала, облыс басшылығы келген. Олар тәуелсіздік жолында жанын қиған батырлардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздік еске алды.

Оралдықтар да таңертеңнен ақын Жұбан Молдағалиев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Жиналғандар бүгінгі күн елімізді егемендікке жеткізген тұлғаларға көрсетілген құрметпен бірге, тәуелсіздігімізді ары қарай да сақтауды есте ұстайтын күн деп есептейді.

Тараз халқы да бүгінгі күннің маңыздылығын естен шығармаған. Әсіресе жиында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери оркестрі ұйымдастырған шара бұқараның назарын аударды. Мерекелік жиын қаладағы сауда орталықтарының бірінде ұйымдастырылды. Музыканттар құлақтың құрышын қандыратын патриоттық әндерді орындап, халықтың рухын тағы бір көтеріп қойды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.