Семейде ЖЭО қалыпты жұмыс істей бастады
Семейдегі де жылу электр орталығы қалыпты жұмыс істей бастады. Ондағы істен шыққан отын жеткізетін қондырғы жөнделді. Қазір баспаналарға қайтадан жылу беріліп жатыр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
16.12.2022
Екі күн бұрын жылу қазандығында өрт шығып, пешке отын жеткізетін қондырғы жанып кеткен. Қақаған аязда жылу құбырлары қатып қалмас үшін құтқарушылар мен әскери бөлім сарбаздары көмекке келді. Олар қазандыққа көмірді қолмен салуға мәжбүр болған еді. Ал ақауды жою үшін 100-ден аса адам жұмылдырылып, олар тәуілік бойы тыным таппай жұмыс істеді.
Дмитрий Гариков, Абай облысы әкімінің орынбасары:
- Толығымен қалпына келтірілді. Көмір қазандықтарға жіберіле бастады. Қазір жұмыс кестесіне сәйкес, жылу беру температурасы көтерілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!