{metadescription}
Президент тапсырмасынан кейін екі жылда нендей жұмыс атқарылды?
Президент тапсырмасынан кейін екі жылда нендей жұмыс атқарылды?

Президент тапсырмасынан кейін екі жылда нендей жұмыс атқарылды?

Ұлттық төлем жүйесін әзірлеу керек. Мемлекет басшысы 2020 жылы Ұлттық банкке осындай тапсырма берген. Өйткені жыл өткен сайын онлайн есеп айрыласатындардың қатары көбейіп келеді.

Бірақ елдегі сарапшы біткеннің бәрі бірдей ұлттық төлем жүйесі керек деген пікірде емес. Экономистердің бұлай деуіне не себеп? Президент тапсырмасынан кейін екі жылда нендей жұмыс атқарылды?

Бүгінде бума-бума ақшамен саудаласып жатқан адамды сирек кездестіресіз. Көпшілігі банк картасымен немесе онлайн аударым арқылы есептескенді жөн көреді. Статистикаға сүйенсек, елдегі ақшалай алыс-берістің 80 пайызы қолма-қол ақшасыз жүзеге асады екен. Осы тұста айта кету керек, біздегі транзакцияның барлығы әлемдік төлем жүйелері арқылы өтеді. Яғни сіз бен біз білетін Виза, Мастеркард тағысын тағы. Бұл дегеніңіз дүниежүзілік свифтке тіркелгендер. Демек әлемнің қай түкпіріне барсаңыз да, шотыңыздағы ақшамен есеп айырылыса бересіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы ұлттық төлем жүйесін әзірлеуді тапсырған. Яғни тек Қазақстанның ішінде жұмыс істейтін жүйе құру керек деген еді. Бұған қатысты заң жобасына жауап беретін депутаттардан жұмыс жайын сұрап көріп едік, нәтиже жоқ емес дейді.

Екатерина Смышляева, Мәжіліс депутаты:

- Ұлттық төлем жүйесі  кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Мысалы, қазір «жедел төлемі қызметін» қолдана алады. Бұл бір банктен екінші банкке ақшаны жылдам әрі ешқандай комиссиясыз аудару мүмкіндігі. Егер елдегі барлық екінші деңгейлі банктер бұған қосылса, азаматтар еш қиындықсыз бірінен екіншісіне ақшасын жібере алады. Яғни банктің өз ішіндегі аударым секілді оңай болады. Тек интернет болса жеткілікті.

Яғни бұның барлығы халыққа қолайлы жағдай жасау. Банк қызметтерін барынша жеңілдету үшін істеліп жатқан әрекет деп түсіндірді депутат. Әрі аяқ астынан дүниежүзілік төлем жүйелері біздің банктерге қызмет көрсетуін тоқтатса, қосалқы нұсқа болмақ. Бірақ қазақстандық қаржыгерлердің барлығы бірдей мұнымен келіспейді. Олар бұндай банк аударымдарына делдалдық қызмет атқарады деп қана баға беріп отыр. Жалпы ұлттық төлем жүйесінің шикілігі көп дейді олар. Әрі бұндай жобаны басқаруды жекелеген банктерге сеніп тапсырған абзал дейді.

Константин Пак, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сектор меңгерушісі:

- Қазір жүйе екі ортадағы делдал ретінде ғана жұмыс істеп тұр десек болады. Яғни бір банктің транзакциясын алып әлемдік төлем жүйесіне жібереді. Содан кейін оның жауабын өзінен өткізіп екінші қазақстандық банкке жолдайды. Бұл дегеніңіз тиімсіз әдіс. Яғни біз жаңа төлем жүйесін емес, жаңа делдалды ойлап таптық. Және бұл біздің төлем жүйесіндегі өте әлсіз тұс деп ойлаймын.

Осы орайда экономистер не дейді деп олардың да пікірін сұрап көрдік. Белгілі экономист Уәлихан Қайсаров ұлттық төлем жүйесінен түбегейлі бас тартқан жөн дегенді алға тартады. Біріншіден мұндай жоба қыруар қаржыны талап етеді екен. Және бұл жалғыз себеп емес.

Уәлихан Қайсаров, экономист:

- Егер біз оны Қазақстанға енгізетін болсақ, кемі 100 миллион доллар ақша төлеуге даяр болу керекпіз. Яғни біздің салық төлеушілеріміздің тарапынан төленетін нәрсе. Әлем мемлекеті ретінде бізге, керісінше, глобализацияға енуіміз керек. Ал бұл жеке ұлттық жүйе құрылатын болса, біз мына бөлнк, жабық мемлекет болып көрінеміз.

Қаржыгерлер мен экономистер пікірі бір арнада тоғыспағанымен, ұлттық төлем жүйесі әзірленіп жатыр. Әрі мұны толық жасап шығуға қауқарлы ІТ мамандар да бізде жеткілікті дейді сарапшылар. Ал еліміздің бас банкі 2024-2025 жылдары елдегі екінші деңгейлі банктер ұлттық төлем жүйесіне толық тіркеледі деп жоспарлап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде