{metadescription}
Астанада Жәмилә Тәкеннің ерекше көрмесі ашылды
Астанада Жәмилә Тәкеннің ерекше көрмесі ашылды

Астанада Жәмилә Тәкеннің ерекше көрмесі ашылды

"Қаңбақ". Суретші Жәмилә Тәкеннің Астанада ашылған жеке көрмесі осылай аталады. Қылқалам шебері өз туындыларының жиынтығына ерекше атау берген. Бұл келушілердің назарын бірден аудартады, екіншіден картиналар қаңбақты негіз етіп салынған.

Ұлттық музейде өтіп жатқан іс-шараның мақсаты — суретшінің шығармашылық жұмыстарын қалың көпшілікке таныстыру, Қазақстанның заманауи өнерін дәріптеу. Көрмеде 100-ден аса картина қойылған. Көпшілігі соңғы жылдары салыныпты. Жәмила Тәкен Қаңтар оқиғасын да айналып өтпеген. Қара түсі басым картинадан қасіретті Қаңтардың салқын лебін сезінуге болады. Көрменің атауы да кездейсоқ емес. 2019 жылы суретші «Қаңбақ» картинасын салады. Бұл жұмыс қылқалам шеберінің бұған дейінгі тыныс-тіршілігі мен ой-толғаныстарының нәтижесі ретінде шығармашылығын одан әрі дамытуға негіз болған екен. «Қаңбақ» бейнесі суретшінің шығармашылық жолын айқындуына да көп көмектесіпті.

Бағдар Еркін, экскурсовод:

- Жәмила Тәкен — Қазақстан Республикасының суретшілер одағының белді мүшесі. Сонымен қатар Еуразия суретшілер одағының мүшесі. Ол кісі өзіндік пікірі, өзіндік ой-санасы, жан-дүниесі қалыптасқан, үздік қолтаңбасы бар, үздік суретші. Бұл кісінің туындыларының ерекшелігі - ашық, жарқын түстер және де баран түстерді бір-бірімен үйлестіре білгендігі. Бұл кісінің картиналары тек қана Қазақстан Республикасында ғана емес, шетелде, сонымен қатар Ресейде, Францияда болып жатқан картиналар көрмесінде ерекше үздік бағаға ие болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде