{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекетіміздің егемендігін қызғыштай қору — әр азаматтың қастерлі борышы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекетіміздің егемендігін қызғыштай қору — әр азаматтың қастерлі борышы

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекетіміздің егемендігін қызғыштай қору — әр азаматтың қастерлі борышы

Ата-баба арманы ақиқатқа айналған ұлы күн! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарымызды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент бүгінгі күннің ел тарихындағы рөліне тоқталып, мемлекетіміздің егемендігін қызғыштай қору — әр азаматтың қастерлі борышы деп сөзін сабақтаған. «Біз ауқымды саяси және экономикалық реформаларды қолға алып, мемлекетімізді жаңғыртудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Бұл бастамаларды табысты жүзеге асыру әрқайсымыздың қолымызда. Сонда ғана Қазақстан қуатты мемлекетке айналады», - деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Біз тамыры терең мемлекеттігіміздің маңызды белестерін ұлықтап, ұлтты ұйыстыратын ортақ құндылықтарды нығайта береміз. Сол арқылы қастерлі Тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктете түсеміз. Биыл еліміз үшін бетбұрыс жыл болды. Бұрын-соңды болмаған сын-қатерлермен бетпе-бет келдік. Елдігімізге іштен де, сырттан да зор қауіп төнді. Дегенмен мызғымас бірлік пен ырыс-ынтымақтың арқасында барлық қиындықты еңсеріп келеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде