Ауған соғысының ардагері атылып өлді
Ақмола облысында Ауған соғысының ардагері атылып өлді. Свабодное ауылының тұрғыны суицидке бармас бұрын әйелі мен баласын өлтірмекші болған екен. Абырой болғанда аңшы мылтығынан атылған оқ тимей қалыпты.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
19.12.2022
Ауыл шаруашылығымен айналысатын 60 жастағы кәсіпкердің бұл қадамға не үшін барғаны белгісіз. Үйіне ашулы келген ол аңшы мылтығымен әйелін атқан. Бірақ оқ келіншектің басын жанап өтіпті. Осы кезде үйден 20 жастағы ұлы жүгіріп шығып, әкесінің қолындағы қаруын тартып алған. Бірақ ашуға мінген азамат үйде жасырылған екінші қосауыз мылтығын алып шығып, өзін-өзі атып тастаған. Айғай-шуды естіген көршілері полицияға хабар бергенімен, кәсіпкерді ешкім құтқарып қала алмады. Марқұм өзінен 16 жас кіші келіншегін қызғанды деген болжам бар. Тіпті атып өлтірмек болған әйелі бұрынғы өгей қызы деген де ақпарат айтылуда.
Әсем Әбдірахманова, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі:
- Полиция оқиға орнына келгенде ол азамат өзін басынан атып, суицид жасап үлгерген. Екі қару да заңды тіркелген. Қазір«Адам өлтіруге оқталу»және «Өзін өзі өлтіруге итермелеу»баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Және де адам өліміне әкелген оқиғаның себеп салдары тексеріліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!