{metadescription}
Еліміздің 20 қаласына 5 джи интернет желісі тартылады
Еліміздің 20 қаласына 5 джи интернет желісі тартылады

Еліміздің 20 қаласына 5 джи интернет желісі тартылады

2027 дейін еліміздің 20 қаласына 5 джи интернет желісі тартылады. Цифрлық даму министрі бүгін мәжілісмендердің алдында оптимизмге толы осындай "қолжетімді интернет" ұлттық жобасын таныстырды. Бағдарлама әзірге қағаз жүзінде ғана. Бюджеттен қанша қаражат бөлінетіні де нақтыланып жатыр.

Бағдат Мусиннің бастамасы депутаттардың көңілінен шыққан жоқ. Мәжілісмендердің жасы да, жасамысы да, ғаламтор жылдамдығын реттей алмай отырған министрге бірінен соң бірі шүйлікті.

Ғаламтордың жылдамдығы депутаттардың да әбден қитығына тиіп, бітсе керек, бүгін цифрлық даму министріне бірінен-соң бірі сұрақ жаудырды. Бағдат Мусин "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасын айдың басында Үкіметте таныстырған. Мақсаты да, бағыты да осыған дейінгі Цифрлық Қазақстан бағдарламасынан айырмашылығы аз. Басты ерекшелігі - 2027 жылға дейін еліміздің 20 қаласын 5G желісімен қамту.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- «Ұлттық жоба аясында елді мекендерді, автожолдарды кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету және олардың сапасын жақсарту жөніндегі ісшаралар көзделген. Жобаның мақсаты — интернетке 100 Мбит/с қосылатын телекоммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.

Бағдат Мусин бағдарламаның артықшылығын түсіндіруге тырысып баққанымен, мәжілісмендер жобаның жемісті боларына сенбей отыр. «Жылда айтылатын бір мәселе, сапасыз интренет, құрғақ уәде, Өзгерген ештеңе жоқ», - дейді Мәди Ахметов. Ең жас депутат ең жас министрдің оптимизмге толы бастамасын сынап тастады.

Мәди Ахметов, Мәжіліс депутаты:

Әрине, біз әлемнен қалмауымыз керек. Орталық Азияда бірінші болуымыз керек. Бірақ, статистика, рейтингі куып жүре бермей, ауылдағы, аудандағы елдімекендердің жағдайын жасап алып, бірақ жүргеніміз дұрыс шығар деп ойлаймын.

Министрдің сөзінше, пандемиядан кейінгі жылдарда ғаламторды қолданушылар саны күрт көбейген. Оған қоса, тұрғындардың ғаламторға кіріп отыратын уақыты да бұрынғыдан артқан. Бірақ жылдамдыққа септігін тигізетін базалық станциялардан азаматтарымыздың көбі бас тартуда дейді министр. Қалай болғанда да, Мусин бұл жолы интернеттің сапасы төмен екенін мойындады.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Интернет сапасы төмен деген шағымдар көп. Оны біз мойындаймыз! Бірақ кейбір факторға тоқталғым келіп отыр. Қазір цифрлық экономиканың, ойын-сауық контентті пайдалану қарқыны едәуір өсіп келеді. Өз кезегінде бүкіл әлемде ұялы байланыстың дамуына бұрыннан кедергі болған радиофобия проблемасын атап өту қажет.

Бастауыш сынып оқушыларын планшетпен қамтитын болсақ, мектептердегі ғаламтор мәселесі және бар. Еліміздегі 7000-ға тарта білім ошағының төрт мыңнан астамында интернеттің жылдамдығы әлсіз. Қысқасы, салада талай жылдан бері қордаланып қалған проблеманың бірқатары айтылғанымен, министрдің жауабы мәжілісмендердің көңілінен шыққан жоқ.

Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты:

- Асықпайаптықпай, қысқа-нұсқа жауап беріңіз. Біздің уақытымызды алмаңыз. Бұл жерде ешкім ойнап отырғңан жоқ. Басын бастаймыз аяғы жоқ. Адамның басын айналдырасыздар.

Осыған дейінгі ауқымды жобалардың бірі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына бюджеттен 41 миллиард теңге бөлінген. Сол кезде министрлік 2018-2022 жылдар аралығында елді 100 пайыз интернетпен қамтуға уәде берген. Ал ведомстваның ұлттық деп айдар таққан «Қолжетімді интернет» жобасына қазынадан шамамен 500 млрд теңге сұралуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде