{metadescription}
Министрдің мәлімдемесін баспасөз қызметі жоққа шығарды
Министрдің мәлімдемесін баспасөз қызметі жоққа шығарды

Министрдің мәлімдемесін баспасөз қызметі жоққа шығарды

Министрдің мәлімдемесін өзінің баспасөз қызметі жоққа шығарды. Парламенттің бүгінгі біріккен отырысында әділет министрі тағы бір саяси партияның тіркелгенін айтқан болатын. Сөйтсе Қанат Мусин асығыстық жасапты.

Қанат Мусин, ҚР Әділет министрі:

- Қазіргі таңда «Байтақ» партиясы тіркелді. Содан кейін Respublica партиясы тіркелді. Ресми түрде екі партия тіркелді. Басқа партиялармен жұмыс істеу жалғасуда. Олар әлі бірінші сатыдан өтпей жатыр. Себептері, бұрынғыдай, тапсырған құжаттары заңға сәйкес келмейді.

Әділет министрінің мәліметін бірер сағаттан кейін баспасөз қызметі түзетті. Яғни, ведомство әлі Respublica партиясының құжаттарын әлі күтіп отыр екен. Мұндай партияның құрылғанын жуырда ғана белгілі кәсіпкерлер жариялаған болатын. Әділет министрлігіне «Алға, Қазақстан», «Ел тағдыры» сияқты саяси ұйымдар да құжаттарын тапсырыпты. Бірақ олардың құжаттарында олқылық көп дейді министрлік өкілдері.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.