{metadescription}
Тұздыбастау тұрғындары әкім сайлауына күмән келтірді
Тұздыбастау тұрғындары әкім сайлауына күмән келтірді

Тұздыбастау тұрғындары әкім сайлауына күмән келтірді

Сайлаудың әділ өткеніне күмән келтірді. Алматы облысы Тұздыбастау ауылының тұрғындары әкім сайлауының қорытындысына көңілі толмады. Себебі, тәуелсіз бақылаушылар сайлау учаскелерінде болған заң бұзушылықты таспаға түсіріп алыпты.

Осы видеоні көрген елді мекен халқының бір бөлігі дауысымыз ұрланды деп шулады. Ал аудандық сайлау комиссиясындағылар құзырлы органдар мәселенің мән-жайы анықтағанша, дауыс санауды уақытша тоқтаттық деп отыр.

Видео әлеуметтік желіні лезде шарлап кетті. Кадрден белгісіз адам сайлау жәшігіне бюллетеньді бірінен кейін бірін салып жатқанын анық байқауға болады. Бір қызығы, сайлау учаскесіндегілер келіншектің бұл әрекетін көре тұра, ешқандай шара қолданбаған.

Тұздыбастау ауыл округіне әкім сайлау науқанында болған сорақылықты телефонына Әділет Нұрғалымов түсірген. Саяси додада тәуелсіз бақылаушы болған жігіт талай заңбұзушылықты көріп ескерттім дейді. Бірақ оған ешкім құлақ аспапты. 

 Әділет Нұрғалымов, тәуелсіз бақылаушы:

- Видеолар көп қой ондай. Осы жерде түсірілген видеолар. Пачкілеп салады, бірбірлеп салады. Кезекпен салады. Сол жерде мен айтып, бетіне басып отырдым. Заңбұзушылық өте көп болды. Қазір прокуратура облыстан келді. Әділетсіз болды. Әділетті деген әншейін шетінде қалып кетті.

Алматы іргесіндегі елді мекен халқының бір бөлігі де әкім сайлауының қорытындысымен келіспейді. Себебі, олар 18 желтоқсанда өткен саяси науқан әділ әрі ашық өткеніне сенбейді. Даулы видеоны көріп жағасын ұстаған тұздыбастаулықтар көп адамның дауысы ұрланған деп топшылайды.

 Жансая Кенжебекова, Тұздыбастау ауылының тұрғыны:

- Мен таңғы жеті отызда дауыс беруге келдім. Кірдім. Екеуіне де кірген кезде жәшіктің іші толып қалған. Таңғы сағат жетіде кім келеді, мысалы деген. Дұрыс өткен жоқ сайлау. Халықтық сайлау болған жоқ бұл жерде.

 Бектеміс Мұсаханов, Тұздыбастау ауылының тұрғыны:

- Сайлау әділ өту керек еді. Фальсификация болмауы керек еді. Жәшікке артық дауыс салмау керек еді. Халықтың дауысы ұрланды. Барлығы бір адамға жұмыс істеді деп есептеймін мен. Жігерін құм қылды халықтың. Кім сайланса да, таза сайланса халықтың қарсылығы жоқ.

Күні кеше бұл ауылда алты сайлау учаскесі жұмыс істеген. Ауылдық округ басшысы болуға бес адам кандидатурасын ұсыныпты. Елдімекенде он бес мыңға жуық тұрғынның дауыс беру құқығы бар. Соның жартысынан астамы өз таңдауын жасады дейді аудандық сайлау комиссиясының төрағасы. Бірақ сайлаудың нақты қорытындысы құзырлы органдардың тексерісінен кейін ғана жарияланбақ.

Мұхит Дүйсебаев, Талғар аудан сайлау комиссиясының төрағасы:

Бір үміткердің байқаушысынан арыз түсті. Сол арызды қазір қарастырып жатыр. Қазіргі күнде Тұздыбастау ауылдық округі бойынша тоқтатып тастадық. Қорытындысын шығарған жоқпыз әлі. Бір сайлау учаскесінде заңбұзушылық болды деп жатыр. Бірақ нақты белгіленген жоқ қой. Белгілгенген болса, бір сайлау учаскесінің қорытындысын заңсыз деп дейміз.

Ал сайлауда ең көп дауыс жинаған Жалғасбай Өмірзақ жеңіске жеткеніне сенімді.

Жалғасбай Өмірзақ, Тұздыбастау ауыл округі әкімінің міндетін атқарушы:

Өзімді әкім болуға дайынмын деп есептедім. Сонымен өзімді өзім ұсынып, әкімдікке тапсырған болатынмын. Маған қарсы дауыс бергендер бар шығар. Бірақ басым көпшілігі маған дауыс берді деп есептеймін. Ойлаймын. Сенемін.

Дегенмен «халықтық сайлау болмады» деп шулаған бір топ адам саяси науқанды қайта өткізуді талап етті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.