{metadescription}
Жұдырығы жуан полицей жұмысынан қуылды
Жұдырығы жуан полицей жұмысынан қуылды

Жұдырығы жуан полицей жұмысынан қуылды

Жұдырығы жуан басшы жұмысынан қуылды Түркістан облысында қарамағындағы қызметкерлері ұрып-соққан полиция полковнигі қызметінен босатылды.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Бауыржан Алдабергенов күн көрсетпейді деп бір топ тәртіп сақшысы шағымданған. Тіпті білдей басшының жұмыс уақытында іш киіммен жүрген видеосы әлеуметтік желіге таралды. Осыдан кейін қызметтік тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде полковник шеніндегі басшы орынбасары қызметінен босатылды.

Гүлнәр Әбдіжаппарова, Түркістан облысы ПД ресми өкілі:

- ҚР ҚК-нің 362 бабымен сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізілуде. Сонымен қатар қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту, жеке құрам арасында сыбайластыққа жол бермеу бойынша кешенді шаралар өз жалғасын табуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде