{metadescription}
Маңғыстау облысында аққулар қырылып жатыр
Маңғыстау облысында аққулар қырылып жатыр

Маңғыстау облысында аққулар қырылып жатыр

Маңғыстау облысының Қаракөл көлінде аққулар қырылып жатыр. Сұлулықтың символына айналған құстың өлексесін жергілікті блогер дронмен видео түсіргенде байқапты.

Азамат Сәрсенбаев, блогер:

- Аққулар, үйректер т.б құстар мекендейді ғой. Соны түсіріп алайын деген едім. Барған кезде манағы өлген аққулар көзге түсе берді. Тым көбейіп кетті. Мен ондайды бұрын көрмедім. Жағажайдың бәрі аққу өлексесіне толған. Ішімнен санап қарағанда, дронға түскені 100 шақтасын көрдім. Басқа құстарды көрген жоқпын үйрек т.б.

Қаракөлге аққулар қыстау үшін ұшып келеді екен. Олардың неден өлгені белгісіз. Қазір Экология департаменті мен Орман шаруашылығы қызметкерлері арнайы зерттеу жүргізуде. Мамандар құстардың неден қырылғанын анықтау үшін су ауа мен топырақтан сынама алған. Әзірге ауадан аң-құсқа зиянды ештеме анықталмады дейді экологтар. Ал су мен өлекселердің сынамалары әлі дайын болмаған.

Руслан Төкенов, Маңғыстау облысы экология департаментінің басшысы:

- Қазіргі ақпарат бойынша он шақты құсты таптық. Біздің мамандар тиісті сынаманы алды. Ауадан, судан сынама алдық. Ауа бойынша ештеңе байқамадық. Ал судың сынамасы енді анықталады. Алдын ала мәліметке сәйкес, ауа райының күрт өзгеруі және қүстардың тиісті май жинамау себебі осындай жағдайға алып келді деп болжаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 шілде

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде