{metadescription}
Удай мас жүргізуші үйге соғылып, бір отбасы далада қалды
Удай мас жүргізуші үйге соғылып, бір отбасы далада қалды

Удай мас жүргізуші үйге соғылып, бір отбасы далада қалды

Ішімдікке сылқия тойып алып, көлігімен тұрғын үйге соғылған. Соның кесірінен бүтін бір отбасы қақаған қыста далада қалды. Алматы облысында тұрғын үйді талқандаған жүк көлігі азық-түлік тасымалдайтын компанияға тиелісі. Ал компаниядағылар шығынды өтемейміз деп басын ала қашты.

Өйткені жүргізуші мас болағынымен қоса, көлікті жұмыс уақытынан тыс кезде тізгіндепті. 46 жастағы ер адам қазір уақытша қамауда отыр. Үйінен айырылғандардың мәселесі қалай шешіледі?

Оралбек Жухин айдын күннің аманында Газельдің үйіне соғылғанын сыртқа шығып бір-ақ білген. Жүк көлігін тізгіндеген жүргізуші ішімдікке сылқия тойып алған дейді.

Оралбек Жухин, Ақсеңгір станциясының тұрғыны:

Мына жақтан екі жас жігіт келіп тұр. Солар маған түсіндіріп айтты. Машина шамамен 120 жылдамдықпен келді дейді. Жүргізушінің өзі 60 пен келдім деп жатыр. Ішінде отырған кезде мас екенін білген жоқпыз. Былай шығып келгеннен кейін қарасам, жүре алмай жүр. Аузынан арақтың иісі ұрып тұр, не айтып тұрғанын білмейді.

Үйдің ішкі көрінісі осындай. Өздеріңіз көріп тұрғандай, бір бөлменің толық тас-талқаны шыққан. Дәл осы жерде отағасы күнделікті ұйықтап келген. Ал темір тұлпардың тұмысығы кірген жерде жылытқыштар мен теледидар болыпты. Қазір мұнда ашып, ақтарып қарау мүмкін емес. Өйткені жоғарыға қарайтын болсаң, тіреусіз тұрған үйдің төбесі құдды бір қазір құлап кететін сияқты.

Екі бөлмелі бұл үйде  сегіз адам тұрады. Оның төртеуі кішкентай бүлдіршін. Қазір бәрі бірдей көршісін жағалап жүр. Далада қалған отбасы жүк көлігі тиесілі компания болсын, жүргізушінің өзі болсын, шығынды толық өтеп, үйді жаңадан соғып беруін талап етіп отыр. Өйткені баспана жөндеуге жармай қалған. Қатты соққыдан қабырғасы ашылып, төбесінде жарық пайда болыпты.

Зухра Жухина, Ақсеңгір станциясының тұрғыны:

Сауда өкілінің басшысы келді. Өзім бетпебет сөйлестім. Біз мынаған төлейміз миллион, 800 мың теңге кетеді деді. Миллион 800 мыңға қалпына келтіре алмаймыз ғой десем, ары қарай өздеріңіз шешесіздер деді. Жөндеуге келмейді. Қабырғасы пештің бәрі айырылып кеткен. Келсін де, үйді бұзсын, кейін көтеріп берсін. Біздің талабымыз сол.

Жүк көлігі тиесілі компания азық-түлік тасымалдаумен айналысады. Олар үй ішіне бір тиын да төлемейтінін айтып отыр. Өйткені жүргізуші көлікті жұмыс уақытынан тыс кезде тізгіндепті.

Ұлан Кеңес, Skill Trade ЖШС бөлім басшысы:

- Сіздердің тараптарыңыздан қандай да бір көмек болады ма, жанағы үйге?

-Тек қана сот арқылы ғана. Біздің тарапымыздан ешқандай көмек болмайды. Себебі, бір  адамның қателігінен тек үй иелері ғана емес, біз де зардап шегіп отырмыз. Себебі ол тізгіндеген көлік біздің жұмысымызға жарамсыз болып табылады. Біз оны өзіміз жөндейміз. Ол жұмыс уақытысынан тыс кезде, себебі жексенбі күні ешқандай біздің көлік үйдің тұрағынан бөлек басқа жерде болмау керек.

Полицейлер 46 жастағы жүргізушінің мас күйінде көлікті тізгіндегенін растады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Үстінен әкімшілік іс қозғалды. Мас жүргізуші 20 тәулікке қамаққа алынып 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін. Ал үй иесіне келтірілген шығын әлі есептеліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде