{metadescription}
«Тұңғыш Cup» жеңімпаздары анықталды
«Тұңғыш Cup» жеңімпаздары анықталды

«Тұңғыш Cup» жеңімпаздары анықталды

«Тұңғыш Cup» пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды. Дебатқа еліміздің әр өңіріндегі жоғарғы оқу орындары студенттері мен магистранттарынан құралған 120 фракция өтінім берген. Оның тең жартысы турнирге қатысуға жолдама алды. Ал финалға дейін жеткен 4 команда түрлі әлеуметтік, экономикалық тақырыптар төңірегінде екі күн қатарынан пікір таластырды.

Мұрат Жұманбай, «Елбасы академиясы» корпоратив қорының басқарушы директоры:

- Қазіргі экономикалық салаға қарайтын болсақ, бұл жеке тұлғаларға салық салудың арнайы шкаласын белгілеу. Яғни басқаша айтқанда байлыққа салынатын салық қой. Мемлекет басшысының үндеуінде де ол туралы айтылған болатын. Одан бөлек халықаралық деңгейдегі, Қазақстандағы трендтер. Ұлттық дәстүрлі қоғам мен қазіргі демократиялық қоғамда бірбірімен қалай үйлесім табу мүмкіндігі.

Дебат жеңімпаздарына ұсынылған жүлде қоры да қомақты. Бас-аяғы 3 миллион 700 мың теңгені сөз сайысының үздігі қаншығасына байлады. 60 команданың ішінен Taraz және Еламан фракциясы оқ бойы озық шығып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

«Елбасы академиясы» корпоратив қоры қазақстандық пікірсайыс қозғалысының дамуына, сондай-ақ халықаралық турнирлер өткізуге белсенді қолдау көрсетіп келеді.

Рүстем Арманов, турнирге қатысушы:

Қызықты болғанымен қиын да болды. Әр раунд сайын сізде бірінші тақырып әлеуметтік болуы мүмкін. Феминизмге байланысты болса. Екінші тақырып ол экономикалық дағдыларға Қазақстан саясатындағы нарықтық жүйесінің жүруіне. Ол пікірсайысшыдан әртүрлі салаларда мықты болуын талап етеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде