{metadescription}
Қырғыз картинасы үздік шықты — Еуразия кинофестивалі
Қырғыз картинасы үздік шықты — Еуразия кинофестивалі

Қырғыз картинасы үздік шықты — Еуразия кинофестивалі

Алматыда Еуразия кинофестивалі өз мәресіне жетті. Бір апта бұрын басталған байқауда қазылар 15 қартина арасынан үздіктерді анықтады. Жалпы 16-шы рет өткізіліп отырған киношараға 11 елден киногерлер келген болатын. Додада еліміздің атынан екі картина сынға түсті.

«Еуразия» кинофестивалінің марапаттау рәсіміне ұйымдастырушылар ерекше дайындалған. Қызыл кілеммен жүріп өткен кино жұлдыздарына арналып әсем әуен мен күй де тартылды. Осылайша сынға түскен 15 туындының ішінен ең үздік деп қырғыздың «Есімде» картинасы танылды.

Актаң Арым Қубат, «Эсимде» фильмінің режиссері:

- Оқиға есінен айырылған адам жайында. Оның жақындары тұрмақ, өзінің кім екенін тани алмай жүргенде 23 жылы өтеді. Тіпті іздеп келген ұлын да есіне түсіре алмайды. Осылайша мен отбасылық өмірдің тауқыметі мен жалпы жағдайын жеткізгім келді.

Биыл алғаш рет «Еуразия» кинофестивалінде халықаралық деңгейімен қоса, ұлттық байқау да ұйымдастырылды. Онда да отандастарымыз түсірген 15 картина бақ сынады. Арасынан Шәрипа Оразбаеваның «Қызыл анар» фильмі көптің көңілінен шығып бас жүлдені иеленді. Небәрі он күн ішінде түсірілген туынды әлі елімізде көрсетілмеген.

Шәрипа Оразбаева, «Қызыл анар» фильмінің режиссері:

- "Қызыл анар" фильмі Пусан кинофестивалінде көрсеткен болатынбыз. Ал жергілікті, өзіміздің қазақ киносын көрсету біз үшін маңызды болды. Және бұл дәл қазір үлкен қуаныш.

Жеңімпаздар бес номинация бойынша марапатталды. Олар: Үздік фильм, Үздік режиссерлік жұмыс, үздік актер, үздік актриса және қазылар алқасының арнайы сыйлығы. Жалпы, халықаралық додаға еліміздің атынан Сәбит Құрманбековтың «Боран» фильмі және жас режиссер Дархан Төлегеновтың «Ағайындылар» туындысы қатысқан болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде