{metadescription}
Ақтөбе облысында жол апаты: Бес оқушының жағдайы ауыр
Ақтөбе облысында жол апаты: Бес оқушының жағдайы ауыр

Ақтөбе облысында жол апаты: Бес оқушының жағдайы ауыр

Ақтөбе облысында жол апатынан зардап шеккен бес оқушының жағдайы ауыр. Екеуі жасанды тыныс алу аппатарына қосылған. Отадан соң миын тынықтыруға екі-үш күнсіз есін жиғызбаймыз дейді дәрігерлер.

Жол апаты кезінде балалардың жанында болған жаттықтырушы да комада жатыр. Оның басы жарылып, мойын омыртқасы сыныпты. Мамандар жас жігіттің өміріне алаңдаулы. Ал оқушылар мінген көлікті жүргізген спорт мектебі директорының орынбасары қамауға алынған.

Жол апатынан жарақат алған сегіз оқушы облыс орталығындағы балалар ауруханасында жатыр. Бесеуі жансақтау бөлімінде, үш бала хирургия бөлімінде ем алуда. Дәрігерлер екі оқушыны ұйықтататын дәрі беріп, арнайы тыныс алу аппаратына қосып қойғандарын айтады. Миы тынықан соң ғана, екі-үш күннен кейін оятпақшы. Ал оқушылардың жаттықтырушысының жағдайына ақхалаттылар алаңдап отыр. Отадан соң 21 жастағы бапкер комаға түскен. Басынан жарақат алып, жол апатынан мойын омыртқасы үзіліпті.

Рүстем Исаев, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Үшеуі өз есіне келді. Ота жасалды. Екеуі ИВЛ-де жатыр. Жасанды өкпе желдеткіште бірақ оң динамика бар. Неврология бірақ оларды медикаментоздық еммен 45 күндей ұстаймыз. Бас жарақатына тыныштық керек.

Екі күн бұрын болған жол апатынан бір бала сол жерде қайтыс болған еді. Олар Ақтөбеде өтетін волейбол жарысына қатысу үшін Шұбарқұдық кентінен жолға шыққан. Спорт мектебі директорының орынбасары тізгіндеген жеңіл көлікте 11 адам болыпты. Тәртіп сақшылары жүргізуші жолай ұйықтап кеткен деп отыр.

Ғалым Байжанов, Ақтөбе облысs ПД бастығының орынбасары:

Қылмыстық іс бойынша жүргізуші қамауға алынды. 371-бабымен 2-ші бөлігімен салғырттық және балалар мен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша тергеe басталды. Жүргізуші ұйықтап кеткен.

Жол апатынан жарақат алған сегіз оқушының ата-анасы күні-түні аурухана есігін күзетіп жүр. Олар ауыл балаларының жарысқа қатынауы үшін ешқашан көлік қарастырылмаған дейді.

Бибігүл Кәрібаева:

Бүткіл басшылар кінәлі, әкімнен бастап кінәлі. Біліп тұр бұл жаққа ескертіліп қамтамасыз ету керек қой. Ешқандай ештеңе істеп жатқан жоқ. Мал емес қой, тоғыз бала, бірден тиеп алу мүмкін емес қой. 11 адам тиеп алған жеті орындыққа.

Волейболдан жарыс ұйымдастырған Облыстық спорт басқармасының басшылары өздеріне шаң жуытар емес. Олар ауыл балаларының жол шығыны үшін қанша ақша қарастырылғанын да білмейді. Аймақтағы он екі ауданның тек бесуіндегі спорт мектебінде көлік бар деп отыр. Қалғандары бұған дейін жарысқа такси жалдап жетіп отырыпты. Спорт басқармасының басшысы «Осы қайғылы оқиғағадан кейін қызметтен кетесіз бе?» деген сұраққа сол күйі жауап бермеді.

Евгений Гончаров, Ақтөбе облысы спорт басқармасы басшысының орынбасары:

Еш пікірімді айтпаймын. Мұндай жағдай бірінші рет. Бала қауіпсіздігіне спорт мектебі басшылары жауап береді. Сондықтан олармен жоспарлы жұмыс жүргізіп келеміз.

Сенбі күні болған жол апатынан кейін Темір ауданындағы спорт мектебі басшысына қатысты да іс қозғалды. Ал облыстық әкімдік қызметтік тексеру жүргіземіз деп отыр. Оның нәтижесі қашан шығары белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.