Михаил Козачков ісін бас прокуратура бақылауына алды
Журналист Михаил Козачков ісін бас прокуратура бақылауына алды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бақылаушы орган өкілдері БАҚ беттерінде жарияланған «кінәсіздік презумпциясы қағидасы ескерілмеді, адвокатқа кедергі жасалды" деген ақпараттарды тексеретін болды.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
20.12.2022
ҚР Бас прокуратурасы:
- Қазіргі уақытта соталды тергептексеру амалдары жалғасып жатыр. Тергеу барысы прокуратураның қадағалауында. Бұл ретте Михаил Козачковқа қатысты істің мән-жайын жариялау кезінде кінәсіздік презумпциясы қағидасын және тергеу іс-әрекетінен уақытылы қол жеткізуде оны қорғауды қамтамасыз ететін адвокаттың кедергі жасау белгілерін бұзу туралы хабарламаларға ерекше назар аударылатын болады.
Қаржы мониторингі агенттігі де журналистің үйіндегі тінту жұмыстары заң аясында жүргізілгеніне сенімді. Яғни, тінту пәтер иесі мен куәгерлердің қатысуымен болып, барлығы бейнекамераға түсірілген. Ал, адвокат қатысады деген өтініш болмады дейді агенттік.
Еске салайық, Козачков екі күн бұрын қамауға алынған болатын. Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлдік жолмен тартып алған қылмыстық топқа журналистің де қатысы бар деп күдіктенеді қаржы мониторингі агенттігінің тергеушілері. Козачковқа қатысты іс қоғам белсенділері, Қазақстан журналистер одағы мен «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау ұйымының да жіті назарында. Олар тергеу заң шеңберінде әділ жүргізілсін деп отыр.
Айта кетейік, Михаил Козачков – «Время» газетінің журналисі, Kozachkov offside атты танымал телеграм каналдың авторы.
Тоғжан Қожалы, «HAQ» қозғалысының жетекшісі:
- Біздің мақсатымыз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды дәлелдеу. Әр адам өз құқығын қорғау қажет. Журналистке қысым көрсетілмеу керек. Козачковты өзім танымаймын. Бірақ жазған мақалаларын оқығанмын. Сондықтан ол заңға қайшы әрекетке барды дегенге сенбеймін. Тергеу әділ жүргізілсін. Кез келген Қазақстан азаматы пікірін ашық айтқаны үшін қамауға алынбау керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!