{metadescription}
Киік атуға мораторий тағы бір жылға ұзартылады
Киік атуға мораторий тағы бір жылға ұзартылады

Киік атуға мораторий тағы бір жылға ұзартылады

Киік атуға мораторий тағы бір жылға ұзартылмақ. Бүгін экология министрі Серікқали Брекешев 2023 жылы дала жануарын атпайтын болдық деп мәлімдеді. Естеріңізге салайық, ақбөкендерді атуға жарияланған бұған дейінгі мораторий биыл бітеді.

Көктемде шаруалар киік егінді таптап, жайылым жер қалдырмады деп жаппай шағымданған. Әсіресе Батыс, Орталық, Солтүстік Қазақстанда ақбөкен басы едәуір көбейіпті. Өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмау үшін экология министрі 80 мыңдай киікті атып азайтамыз деп ұсыныс тастаған. Бұл халық арасында, ғылыми ортада қызу талқыланды. Шаруалар бір жақ, қасиетті жануарды жақтағандар бір жақ болып біраз айтысты. Ведомство да нақты кім ататынын, саны қанша, оның етін не істейтінін дәл айта алмаған. Енді жыл соңында мораторийді ұзарту қажет деп шешіпті. Елімізде кезең-кезеңімен жарияланған шектеудің арқасында ақбөкен саны біршама көбейген. Қазір қазақ даласында бір миллион 300 мыңдай киік бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде