Ақтөбеде қорапқа салынған жаңа туған баланың денесі табылды
Ақтөбеде жаңа туған шақалақтың денесі табылды. Оны қағаз қорапқа салып, қаланың қақ ортасындағы көпқабатты үйлердің жанына тастап кеткен.
Автор: Жаңалық Ахаш
20.12.2022
Қораптағы бөбектің денесін сол маңнан өтіп бара жатқан жүргіншілер байқапты. Дереу тәртіп сақшыларына хабар берген. Жаңа туған сәби суықтан үсіп өлді ме, әлде өлі туылда ма, ол жағы әзірге белгісіз. Шақалақтың неден шетінегені сараптамадан соң белгілі болады. Тек бөбектің ер бала екені анық. Қазір бауыр еті баласын далаға тастаған көкек ана іздестіріліп жатыр.
Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар жаңадан туған нәрестені туған анасын анықтауға бағылтталған іс-шаралар жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!