{metadescription}
Тереңкөлде үй өртеніп, атасы мен алты немересі көз жұмды
Тереңкөлде үй өртеніп, атасы мен алты немересі көз жұмды

Тереңкөлде үй өртеніп, атасы мен алты немересі көз жұмды

Павлодар облысындағы Тереңкөл ауылында үй өртеніп, атасы мен алты жасар немересі көз жұмды. Қамыстан салынған баспана көзді ашып-жұмғанша күлге айналған.

Өрт қараңғы түсіп, ел ұйқыға кеткенде басталған. Қамыс қабырғалар өрт тигенде бірден лап ете қалған. Баспананың жалындап жатқанын көршісі байқап қалыпты. Ол құтқарушылар келгенше қызыл жалын ортасына кіріп үш жастағы қызды алып шыққан. Шалажансар балақай бірден ауруханаға жеткізілді. Ал өрт сөндірушілер қызыл жалын басылғасын үйінді астынан 64 жастағы үй иесі мен 2016 жылы туған баланың денесін алып шыққан.

Дәулет Қайырбеков, Павлодар облысы ТЖД қызметкері:

- Оқиға орнына  келгенде жеке тұрған  жер үй өртеніп жатты. Барлығы 64 шаршы метр жер жанып кетті. Атасы мен немересін құтқару мүмкін болмады. Көршілердің көмегімен құтқарылған қыз бала аудандық ауруханада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде