{metadescription}
Ақтөбе облысындағы алтын өндіретін шахтада жұмысшы қаза тапты
Ақтөбе облысындағы алтын өндіретін шахтада жұмысшы қаза тапты

Ақтөбе облысындағы алтын өндіретін шахтада жұмысшы қаза тапты

Ақтөбе облысындағы алтын өндіретін шахтада жұмысшы қаза тапты. 48 жастағы азаматты жүк таситын техника басып кеткен.

Қайғылы оқиға болған шахта АltynEx Company кәсіпорнына қарайды. Қазір Мұғалжар ауданындағы кен орнында тексеру жүріп жатыр. Еңбек инспекторларының сөзінше, электр маманы шахтадағы желдеткіш жанында кабель жөндеп жатқан. Жүк көлігінің келіп қалғанын аңғармаса керек. Ал ауыр техника тізгініндегі жүргізуші де жолындағы адамды байқамадым деп отыр. Осы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылды.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысындағы өндіріс орындарында 68 оқыс оқиға болып, 13 жұмысшы қаза тапқан.

Талғат Есқарин, Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы басшысының орынбасары:

- 48 жастағы инженер болып істейді екен, электрик.  Жөндеу жүргізіп жатқанда осындай жағдай болып отыр. Жүк көлігі  басып кеткен. Тергептексеру жан-жақты жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде