Кегенде жол апатынан төрт адам мерт болды
Алматы облысында жантүршіктіретін жол апаты болды. Оқиға орнында 4 адам қаза тауып, тағы екі адам ауыр жарақатпен Кеген ауданынның ауруханасына жеткізілген. Оның біреуі кәмелетке толмаған бала.
Автор: Салтанат Шырынхан
21.12.2022
Жантүршігерлік жол апаты кеше Кеген – Көкпек тасжолында болған. Куәгерлердің айтуынша, Хюндай Сантамо көлігінің 44 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы бетте келе жатқан Мицубиси Галантқа соғылады. Артынша минивен жол жиегіндегі омбы қарға түсіп кетіп, бірнеше рет аударылған. Көліктің ішіндегі жүргізушісі мен үш жолаушы сол жерде жан тапсырды. Ал ауруханаға түскен 16 және 47 жастағы екі адамның жағдайы орташа ауыр. Бас жарақатын алған. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!