{metadescription}
Мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы өмірден өтті
Мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы өмірден өтті

Мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы өмірден өтті

Мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы өмірден өтті. Философия ғылымдарының докторы, академиктің отбасына жан-жақтан көңіл айтушылар көп. Мемлекет басшысы да бүгін жедел хат жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Амангелді Әбдірахманұлы ұзақ жылдар бойы білім және ғылым саласында жемісті жұмыс істеді. Соның ішінде Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында жоғары білікті мамандар даярлау ісіне мол еңбек сіңірді. Мәжіліс депутаты болған кезінде отандық заңнаманы жетілдіруге және парламентаризмді дамытуға атсалысты. Қажырлы қызметімен еліміздің өркендеп дамуына өз үлесін қосып, соңына жарқын із қалдырған Амангелді Әбдірахманұлының есімі мен бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын!

83 жастағы абыз ақсақал 1939 жылы Ресейдің Астархань облысында дүниеге келген. Елу жылдан астам Ақтөбедегі мемлекеттік университетте еңбек етті. Өмірінің соңына дейін осы жоғары оқу орнында дәріс беріп, ғылыми орталықтың жетекшісі болды. Амангелді Айталы Мәжілістің екі шақырылымында депутат болды. Ол әркез өзекті мәселелерді қозғап, берік ұстанымда болған тұлға ретінде ел есінде қалады. Адам құқығы, мемлекеттік тіл, отбасы, жер, көші-қон мен дінге қатысты мәселелерді құқықтық жағынан реттеуге белсене ат салысты. Жүзден астам ғылыми жарияланымдар мен үш ғылыми еңбектің авторы. "Парасат", ІІ және ІІІ дәрежелі "Барыс" ордендерінің иегері. «Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталған.  

Үмбетхан Сәрсембин, философия ғылымдарының кандидаты:

- Амангелді ағайдың рухни мұраларының ішінде тіл мәселесі, ұлт руханиятына байланысты, соның ішінде ұлттану мәселесі ғылымдағы ағайдың өзінің үлес қосқан негізгі бағыттарының бірі. Амангелді ағайдың еңбегі еш уақытта ұмтылмайды. Ол кісі әлі қоғамға, келер ұрпаққа берері көп еді. Өкінішке қарай өмірдің заңы осы, бүкіл қоғам болып, ұрпақ болып ағайды іздеп жатқан жағдай бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде