Депутаттар 12 желтоқсанды «Алаш күні» деп ресми бекітуді сұрады
«Алаш күні». Депутаттар 12 желтоқсанды дәл осылай атап, ресми бекітуді сұрап отыр. Әрі жыл сайын мемлекеттік деңгейде аталып өтілуі қажет деп санайды мәжілісмен Берік Дүйсенбинов.
Автор: Әзиза Төленби
21.12.2022
Алашорда Үкіметі 1917 жылы желтоқсанда құрылған. Яғни биыл қазақ ұлттық мемлекетінің іргетасын қайта көтерілгеніне 105 жыл толды. Мәжілісмен мұның да ескерусіз қалғанынан қапалы.
Берік Дүйсенбинов, Мәжіліс депутаты:
- Бүгінде тарихи әділдікті орнататын күн жетті деп санаймыз. Тарих тағылымын ұрпаққа насихаттау мақсатында "Ақ жол" фракциясы Алаштанушы ғалымдардың бастамасын қолдай отырып, Тәуелсіздік күні қарсаңындағы 12 желтоқсанды тарихи құжаттармен дәлелденген Алаш Республикасының құрылған күні ретінде "Алаш күні" деп ресми белгілеуді және жыл сайын мемлекеттік деңгейде атап өтуді сұрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!