Автотұрақты, жертөлені, қойманы жекеге сатуға тыйым салынады
Көпқабатты үйдің автотұрағын, жертөлесін, қоймасын жекеге сатуға тыйым салынатын болды. Енді тұрғындарға тиесілі бұл орындарды құрылыс компаниялары оңды-солды саудалай алмайды.
Автор: Елдос Есенбол
21.12.2022
Бүгін Мәжіліс «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық туралы» Заң жобасына бірқатар өзгерістер енгізіп Сенатқа жолдады.
Толықтырулар тағы мынадай мүмкіндіктер береді: мысалы, енді 16 пәтер бірігіп, шаруашылыққа жауапты бір басшы сайлай алады. Яғни бұл бұрынғы пәтер иелері кооперативінің міндетін атқарушы. Егер азаматтар өзара келісе алмаған жағдайда үйдің басқарушы компаниясын жергілікті әкімдік таңдап бере алады. Сондай-ақ тұрғын үй кеңесі енді бұрын тек жалпы жиналыста шешілетін мәселелердің нүктесін қоя алады. Мәселен, ортақ мүліктің бір бөлігін жалға беру туралы шешім шығаруға құқылы. Жаңа өзгерістердің борышкерлерге де қатысты тармағы бар.
Екатерина Смышляева, Мәжіліс депутаты:
- Меншік иелерінен берешекті өндіріп алу енді борышкердің тұрған жері бойынша ғана емес, оның жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша да жүзеге асырылатын болады. Басқару нысанын ауыстырған кезде бұрынғы басқару органдарының тұрғындар жинаған ақшаны күрделі жөндеуге жаңа құрылған ұйымдардың шоттарына аудару міндеті белгіленсін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!