{metadescription}
Ақтөбеге жіберілген шіріген картоп ауыстырылатын болды
Ақтөбеге жіберілген шіріген картоп ауыстырылатын болды

Ақтөбеге жіберілген шіріген картоп ауыстырылатын болды

Ақтөбедегі тұрақтандыру қорындағы шіріген картопты ақыры ауыстыратын болды. Арзан көкөніс жеткіземін деп тендерді ұтып алған павлодарлық компания бұған дейін әкелген өнімнің жарамсыз екенін мойындады.

Осыдан екі апта бұрын шенеуніктер азық-түлік қорын түгендеп, қоймаға келген жаңа өнімді тілшілерге көрсетпек болған еді. Картоп толы қаптарды ашып қалғанда, көкөніс түгелімен бұзылғаны анықталды. Сол кезде әкімдікке қарасты корпорация өкілдері сұрыптап үлгермедік деп ақталған-ды. Кейін тексеру кезінде Павлодардан жеткізілген картоптың 23 тоннасы жарамсыз екені белгілі болды. Енді оның орнына жаңасын жеткізген.

Тимур Биманов, «ASECA» ЖШС бөлім басшысы:

- Бүлінген картопты жаңасына ауыстыруға қатысты жеткізіп беруші компаниямен келісімге келдік. Бұл келісімшартта қарастырылған. 23 тоннадай картопты ауыстырды. Жалпы ол компаниямен 164 миллион теңгеге келісімшартқа тұрған едік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде