Жастардың шешімі табылмай келе жатқан мәселесі қандай?
Жастардың әлеуметтік мәселесі мен олардың арасындағы әлімжеттік ырық бермей келеді. Бүгін Алматыда жаңа буынның әлі күнге дейін шешімін таппаған негізгі проблемалары талқыланды.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
21.12.2022
Осыған дейін Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры «Жастар үкіметтік емес ұйымдарына жәрдемдесу» жобасы аясында қаланың 8 ауданында көшпелі кеңестер мен бес алқа жиын өткізген болатын. Өскелең ұрпақты тұқыртқан түйткілдер сонда мәлім болған. Жаңа буынның өзі көтерген тақырыптардың ішінде студенттерге қарапайым жатақхананың жетіспеушілігінен бастап, жұммыссыздыққа дейін қамтыған. Бүгін сол мәселелерді қоғам қайраткерлері, Мәслихат депутаттары және мемлекет органдарының өкілдері тағы талқыға салды.
Бекнұр Қисықов, Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі:
- Жұмыс тобы, соның бәрінің арқасында «Жол картасын» шығарады да, соны шешуге біз әрекет жасаймыз. Әлбетте, келесі жылы оны жалғастырып, басқа да мамандарды, сарапшыларды қосып шешім қабылдаймыз деп ойлаймын. Оның бәрі әрекет. Біз тек бастап жатырмыз. Бірінші қадамдамыз. Соның бәрі шешімге келеді деп ойлаймын. Жатақхана мәселесін қазір ғана шеше алмаймыз. Ол ұзаққа созылған мәселе. Ал кейбір мәселені, бүгін сарапшыларды шақырып отырмыз, соның арқасында шешімі бар деп ойлаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!