{metadescription}
Шымкентте мүгедек балалардың жәрдемақысының жартысын төлемей отыр
Шымкентте мүгедек балалардың жәрдемақысының жартысын төлемей отыр

Шымкентте мүгедек балалардың жәрдемақысының жартысын төлемей отыр

Шымкентте мүгедек балалардың ата-аналары халықты әлеуметтік қорғау департаментіне барып, наразылық білдірді. Себебі олар жеткіншектерге төленетін жәрдемақының жартысы қолымызға тимейді дейді. Яғни мемлекеттен берілетін ақша балалардың арнайы мектепке барғаны үшін ұсталады екен.

Мұндай тәжірибе тек Шымкент пен Түркістан облысында ғана бар деп отыр ата-аналар. Сондықтан мол қаржының қайда кетіп жатқанын түсіндіруді талап етуде. Ал осы өңірдегі әлеуметтік салаға жауаптылар мәселені заң шығарушы органға сілтей салды. 

Ұл-қызы зағип, есту қабілеті нашар және психоневрологиялық ауытқуы бар жеткіншектердің ата-аналары халықты әлеуметтік қорғау департаментіне барды. Наразы топтың сөзінше, мүгедектердің қамқоршысына төленетін жәрдемақы толық түспейді екен. Яғни ерекше күтімдегі балалары арнайы мектепте білім алады деген желеумен жарты ақша ұсталып қалынады.

Айсұлу Байғараева, мүгедек оқушының анасы:

- Айына түскен 52 мыңды киім алады деп ойлайсыз ба? Көлік алады деп ойлайсыз ба? Әрине, біз оны еміне жұмсаймыз. Баламның емі жоқ, дегенмен СанктПетербург қаласындағы Скрип Петрович маған үміт беріп отыр. Оған бір барып келгеніме мың евро кетеді. Теңгемен біраз ақша болады ғой. Онсыз да қаржы жинап, бүкіл мүлігімді сатып барыпкеліп жатырмыз. Білмеймін, енді сататын нәрсе қалмады.

Арнайы мектепке таңертең барып, түстен кейін қайтатын мүгедек баланы «аптасына жеті күн мемлекет қарауында» деуі ата-аналардың шымбайына батқан.  Сондықтан қомақты қаржының қайда кетіп жатқанын білгісі келеді. Әйтпесе бала саны аз емес. Мәселен, Шымкенттегі арнайы бес мектепте мүгедек 635 бала оқиды.

Әйгерім Имашева, мүгедек оқушының анасы:

- Сонда неліктен Қазақстандағы басқа мектептерде ұсталмайды, біздің, тек Шымкентте ұсталынады дегеннен кейін, бәріміз періште емеспіз ғой, бәріміз пендеміз, күдігіміз болды. Біреудің қалтасына кетіп жатқан шығар? Кімнің қалтасына, не үшін кетіп жатқанын білгіміз келеді.

Наразы топ Шымкенттегі халықты еңбекпен және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысының кабинетіне кірді. Басшы басқа аймақтардағы интернат жәрдемақыны ұстап жатқанына көз жеткізу үшін өзге өңірлердегі әріптестеріне хабарласқанмен, олар ләм-мим дей алмады. Сондықтан  департамент жетекшісі мәселе заңның шала болуынан деп  құтылды.

Бахтияр Өнербаев, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласындағы департамент басшысы:

- Депуттарға шығайық. Мынау бұйрыққа болсын, өзгеріс енгізейік. Болмаса, 63ші заңға өзгеріс енгізейік. Сіздердің жағдайларыңызды кіргізейік. Сіздердің балаларыңыз 24 сағат емес қой, интернатта жатқан, 5 сағат-6 сағат болсын. Қалған сағатта сіздердің қолдарыңызда болып тұр ғой.

«Бүгіннен бастап мәселені жоғары жаққа жеткіземін» деген басшы ата-аналардың көзінше, тіпті Мәжіліс депутаттарына қоңырау шалды. Заңға шұғыл өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныс жасады. Бірақ мұны спектакльге балаған ата-аналар прокурорлар тексеріп, халықты әлеуметтік қорғау министрі мәселеге араласса деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде