{metadescription}
Қаңтар оқиғасы: Азаптау дерегімен кімдер жауапқа тартылды
Қаңтар оқиғасы: Азаптау дерегімен кімдер жауапқа тартылды

Қаңтар оқиғасы: Азаптау дерегімен кімдер жауапқа тартылды

Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау дерегі бойынша кімдердің жауапқа тартылғаны белгілі болды. Бас прокуратураның мәліметінше, азаптау бабына қатысы бар 327 қылмыстық іс тергелген. Оның ішінде 31 адам қылмыстық жауапқа тартылыпты.

Олардың дені - Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігінің қызметкерлері. Азаптау бойынша тағы бірнеше іс қазір сотта қаралып жатыр.

Ризабек Ожаров, ҚР Бас прокуратурасы арнайы прокурорлар қызметінің бастығы:

- 329 деп айтып кеттім бағана, цифрлық көрсеткішті. Оның 235 фактісі бойынша істер тоқтатылды. Оның ішінде 231 қылмыстық іс қылмыс құрамы болмауына байланысты. Оқиға орын алмауына байланысты 4 қылмыстық іс тоқтатылды. Біраз қылмыстық істер бойынша тергеу әлі де жалғасуда.

"Қаңтар оқиғасы бойынша тергеу шаралары аяқталуға жақын" дейді прокурорлар. Еліміздің кей аймақтарында қылмыстық істер толығымен сотқа жолданса, тек Алматы қаласында тергеу жалғасып жатыр екен. Жалпы бүгінге дейін 1249 адамға сот шешімі шыққан. Сотталғандардың дені ұрлық жасап, қару тонағандар мен тәртіпсіздіктерге қатысқандар. Нақты мерзімге 160 адам сотталып, қалғаны біршама жеңіл жазаға тартылған. Ал Кәрім Мәсімовке және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзге де басшыларына қатысты іс сотқа жіберілген.

Тимур Тәшімбаев, ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары:

- Мәсімовке және ҰҚК-нің өзге де басшыларына билікті басып алуға тырысу, мемлекетке опасыздық жасау және билікті асыра пайдалану айыбы тағылған. Сонымен қатар биілікті асыра пайдаланды деп айыпталған бұрынғы қорғаныс министрі Бектанов ісі де сотта жатыр. Алматы қаласы, Алматы және Қызылорда облысы ұлттық қауіпсіздік комитеті және полиция департаменттерінің бұрынғы басшыларына қатысты тергеу аяқталған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде