{metadescription}
Владислав Челахтың ісі қайта қараулы мүмкін
Владислав Челахтың ісі қайта қараулы мүмкін

Владислав Челахтың ісі қайта қараулы мүмкін

Владислав Челахтың ісі қайта қараулы мүмкін. Арқанкергенде 15 адамды өлтіргені үшін сотталған ол Бас прокуратураға бірнеше рет арыз жазыпты. Қадағалаушы орган енді оны жіті тексеруге дайын отыр.

Тимур Тәшімбаев, ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары:

- Челахқа қатысты Бас прокуратураға арыз түсті. Әскери сотқа оның ісін сұратып өтініш жібердік. Тағы да егжей-тегжей қараймыз. Өйткені бұл он жыл бұрынғы іс. Қажет болған жағдайда Владислав Челах қайта тергеледі.

2012 жылдың желтоқсанында өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челах әзірге Қостанай облысындағы «Қара Бүркіт» аталып кеткен түрмеде жазасын өтеуді жалғастыра береді. Қатардағы жауынгер сол жылдың мамыр айында Қытаймен шекарадағы Арқанкерген бекетінде 15 азаматты өлтірді деген айып тағылған. Оның 14-і сонда борышын өтеп жүрген сарбаздар мен офицер, сержанттар, біреуі сол маңдағы қорықшы. Қаза болған марқұмдардың рухына жалпыұлттық аза тұту күні жарияланған. Челахтың өзі кінәсін сол күйі мойындаған жоқ. Енді 10 жыл өткеннен кейін жаңа деректер шығып қалуы әбден мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде