{metadescription}
«Арселор Миттал Теміртауға» 1 млрд 300 млн теңге айыппұл салынды
«Арселор Миттал Теміртауға» 1 млрд 300 млн теңге айыппұл салынды

«Арселор Миттал Теміртауға» 1 млрд 300 млн теңге айыппұл салынды

1 миллиард 300 миллион теңге. Атышулы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына осынша көлемде айыппұл салынды. Бірақ өндіріс орны тек бұл жазамен құтылмайды. Бұны бүгін Бас прокуратура өкілдері растады.

Жандос Өмірәлиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Бес кеншінің қазасына байланысты ҚР ҚК 277 бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергептексеру жүргізіліп жатыр. Бұл тау-кен жұмысы кезінде техника ережесінің бұзылуы. Арнайы Үкімет комиссиясы өз жұмысын тәмамдады. Оның нәтижесі қылмыстық іс аясында міндетті түрде ескеріледі. Қылмыстық істен бөлек, Қарағанды облысы прокуратурасы тексеріс жүргізіп жатыр. Оның аясында ондаған ереже бұзу фактісі анықталды.

Егер айыптары расталса, жазасыз қалмайды деп сендірді Бас прокуратура өкілдері. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының салғырттығы бірнеше жылдан бері қоғам талқысында. Адам өміріне тым салғырт қарайтын өндіріс орнын жауапқа тарту керек дегенді қарапайым қоғам белсенділері де, мінберден депутаттар да айтып жүр. Биылдың өзінде бұл кәсіпорнында 14 адамның өмірі қиылыпты. Жалпы 2006 жылдан бері «Арселор Митттал Теміртауда» 20-дан астам оқыс оқиға болып, 100-ден астам азамат көз жұмған. Апаттың барлығына салғырттық себеп. Ал инвесторлар болар іс болып, бояуы сіңгеннен кейін кешірім сұраумен ғана шектеледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде