Бай-бағландардың меншігінен 398 мың гектар жер телімі қайтарылды
Бай-бағландардың меншігінен құны 6 жарым миллиард тұратын 398 мың гектар жер телімі қайтарылды. Бас прокуратура қылмыстық жолмен алынған қомақты қаражат пен активтерді қайтару жұмысын жалғастыруда.
Автор: Айғаным Достанбай
22.12.2022
Ал әзірге арнайы комиссия 631 миллиард теңгені мемлекет қазынасына түсірген. Оның ішінде 400 миллион доллар қылмыстық қудалау аясында шетелдік шоттардан табылған. Бас прокурор осы мақсатта бұрын бай-бағландардың пайдасына шығарылған сот шешімдеріне де наразылық енгізген екен. Нәтижесінде Жоғарғы сот 17 шешімнің күшін жойды. Одан қалды, жалпы сомасы 14 миллиардқа жуық теңгеге прокуратура берген талап-арыздар қаралып жатыр.
Артур Ластаев, ҚР Бас прокуратурасының халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы:
- Қылмыстық жолмен алынған табыс және активтерді қайтаруға шетелдік әріптестерімізді тартып жатырмыз. Мысалы, қазан айында Кипрмен қылмыскерлерді беру және қылмыстық істер бойынша көмек көрсету туралы шарт жасалды. Жалпы қылмыстық-құқықтық салада Қазақстан 34 елмен шарттар бекітті. Олардың ішінде Қытай, АҚШ, Үндістан, Бразилия сияқты ірі елдер бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!