Қарағанды облысы: ТЖ қызметкерлері жолда адасқандарды іздеумен таң атырды
Қарағанды облысында күн құбылып тұр. Соңғы жылымықтан кейін қар жауып, артынан жел көтерілді. Ақтүтек боранда қозғалыс қиындап, жолдар жабылды. Төтенше жағдай қызметкерлері жолда қалғандар мен адасқандарды іздеумен таң атырған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
22.12.2022
Қарағанды мен Теміртаудың арасындаға тас жолдың кешкі елең алаңдағы жағдайы осындай болды. Ұсақ жол көлік оқиғаларынан ұзын-сонар кептеліс пайда болған. Түнге қарай Қарағандыдан шығатын жолдың барлығы жабылды. Ал оған дейін сапарға шығып кеткендерді құтқарушылар іздеп қар құрсауында қалған 8 адам құтқарылған. Тіпті қолайсыз ауа райында үйден шығып кеткен малшы мен балықшыларды да іздеуге тура келді. Олар түн ортасында аман-есен табылды. Мамандар алыс жолға немесе жоқ іздердің алдында күн райына назар аудару керектігін айтады. Өйткені синоптиктер алдағы күндері күн құбылып қатты жел тұратынын болжап отыр.
Алина Ысмағұлова «Казгидромет» РММ баспасөз хатшысы:
- Алдағы үш күнде Қазақтанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы байқалады. Атлантикалық циклон әсерінен қар жауып, жел соғады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 28 метрге дейін жетеді. Батыс пен Оңтүстік және Оңтүстік шығыста көктайғақ болуы ықтимал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!