{metadescription}
«Қазгеология» басшылығы жалақысын негізсіз көтерген
«Қазгеология» басшылығы жалақысын негізсіз көтерген

«Қазгеология» басшылығы жалақысын негізсіз көтерген

«Қазгеология» мекемесінің басшылығы бір-бірінің жалақысын негізсіз көтерген. Мұндай заңсыздық Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы тексеруінде анықталды. 2017-2019 жыл аралығында Директорлар кеңесі тиісті шешімсіз, басқарма төрағасы мен оның үш орынбасары және бас геологтың айлығын екі есеге көтерген деген күдік бар.

Келген шығын 170 миллион теңгеге жуық. Дегенмен антикор басшылықтан нақты кімдер күдікке ілінгенін айтқан жоқ. «Қазгеология» 2011 жылы құрылған компания. Негізгі қызметі - Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі аумағындағы пайдалы қазбаларды зерттеу.   

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі:

- Мекеме басшылығы жарғыны бұза отырып, Директорлар кеңесінің тиісті шешімінсіз басқарма мүшелеріне (басқарма төрағасы, төрағаның үш орынбасары, бас геолог) 2017-2019 жылдар кезеңінде жалақыны, бонустарды және материалдық көмекті 169 млн теңгеден астам сомаға артық төлеуге әкеп соқтырған лауазымдық жалақының мөлшерін екі есе ұлғайтты деп күдіктенеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде