{metadescription}
Агломерация: Ірі қалалар өз қаржысын жаратуда артықшылыққа ие болады
Агломерация: Ірі қалалар өз қаржысын жаратуда артықшылыққа ие болады

Агломерация: Ірі қалалар өз қаржысын жаратуда артықшылыққа ие болады

Соңғы он жылда Астана халқы 60 пайызға өскен. Ал Шымкент тұрғындары 70 пайызға артыпты. Бірақ адам санымен бірге проблемалар да көбейіп келеді. Ретсіз салынған құрылыс, бейберекет төселген жолдар. Мектеп, балабақша, өнеркәсіп тапшылығы тағы бар.

Енді бұл мәселені «Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобасы шешуі тиіс. Бүгін сенаторлар оны екінші оқылымда мақұлдап, президентке жіберді.

Заң жобасы күшіне енген күннен бастап ірі қалалардың әкімдігі өз қаржысын жаратуда бірқатар артықшылыққа ие болады. Олар қазына қаражатын өз аумағына кірмейтін халық көп шоғырланған елдімекендерді дамытуға жұмсай алады. Мысалы, мектеп, аурухана, балабақша және тағы басқа әлеуметтік маңызы бар нысан салуға бағыттайды. Бұның барлығы ауыл-аймақтағы ағайынның ем іздеп, оқу іздеп қалаға ағылмауы үшін. Осылайша азаматтар лек-легімен мегополистерге үдере көшпейді. Демек ірі қалаларда да сағаттаған көлік кептелісі мен мектеп орны үшін талас азаюы керек. Әзірге белгілісі – «Агломерациялар туралы» заң жобасының шапағатын халық саны 500 мыңнан асатын ірі қалалар көре алады. Бұл Астана, Алматы, Шымкент және тізімге Ақтөбе қаласы да ілігіп қалуы әбден мүмкін.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Аймақтық деңгейде жергілікті агломерациялық кеңестер құрылады. Олар агломерация аймағын үйлестірілген түрде дамыту үшін нақты мәселені шешу бойынша қала мен іргелес облыстың жергілікті атқарушы органдарының өзара ісқимыл алаңы ретінде жұмыс істейді. Жергілікті кеңестің құрамына екі әкімдіктің және Мәслихаттардың өкілдері, сондай-ақ Ұлттық кәсіпкер палатасының және үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері кіреді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде