Жарылғыш зат: Қарағандыда 12 мектеп дүрлікті
Бүгін Қарағандының 12 бірдей мектебі дүрлігіп қалды. Белгісіз біреу білім ошақтарына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
22.12.2022
Сыртқа шығарылған оқушылар сыныпқа қайта кірген жоқ. Оларды суықта ұстамай үйіне қайтарған. Құтқарушылар мен полицейлер ғимараттарды қарап шығып жарылғыш зат таппады. Ал бомба туралы туралы хабарлама сол мектептердің электронды поштасына келіпті. Соның салдарынан сабақ үзіліп, оқушылардың тоқсан соңында тапсыратын жиынтық бағалау емтиханына кедергі болды. Күдікті әлі анықталған жоқ. Ол ұсталса, 15 миллион теңге айыппұл арқалайды немесе бес жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!