Түркістан облысында үш ауылдың бүкіл тұрмыс техникасы күйіп кетті
Түркістан облысында жарықтың жиі сөнуінен үш ауылдың тұрмыс техникасы күйіп кетті. Ордабасы ауданындағы Төреарық, Қараспан мен Көлтоған ауылдарында электр желіc3 әбден тозған. Үп еткен жел мен жауын жауса6 тұрғындар қара түнекте қалады. «лектр кернеуі ойнап, тұрғындардың теледидар мен тоңазытқыштары жанып кеткен.
Автор: Бек Әбиев
22.12.2022
Осыны айтып ауыл халқы аудан басшыларына бірнеше мәрте шағым түсірген. Бірақ жарыққа жауаптылар бұл мәселені «бүгін білдік» дейді.
Ордабасы ауданындағы Көлтоған, Қараспан мен Төреарық ауылдары үш жылдан бері жарыққа жарымай отыр. Жел тұрып жауын жауса, қараңғыда қаламыз дейді тұрғындар.
Индира Аппаз, Ордабасы ауданының тұрғыны:
- Су шықпайды, бәрі жарыққа байланысты ғой. Электр қуаты болмаса қайдан келеді. Жарық та, су да жоқ болады. Интернет жоқ. Біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз?!
Жарықтың жиі сөнуінен тұрғындардың тұрмыс техникаларынан да түк қалмапты. Бұл отбасы тоңазытқышы жәй шкаф есебінде пайдаланып отыр.
Бірінші топтағы мүгедек Гүлрайхан Әбдікәрімова несиеге алған техникасынан бір күнде айрылған. Арбаға таңылған әжей енді зейнетақысын техниканың қарызын жабуға жұмсайды.
Гүлрайхан Әбдікәрімова, Ордабасы ауданының тұрғыны:
- Бір күннің ішінде тоңазытқышым, теледидарым, кіржуғыш машинам, микротолқын пешім, электршәйнегім, кондиционерім күйіп кетті. Қалай немерелеріме ашыған тамақ берем? Миллиондай теңгеге қарызға кірдім. Келін екеуіміз алғанбыз, бір миллионға кіріп отырмыз. Бұның бәрі кредит.
Жарық мәселесін айтып тұрғындар аудан басшыларына талай шағымданған. Бүгін жұрт жиналғасын, ауылға электр жүйелерінің басшысы да келді. Бірақ ол жарық өшетінін білгенімен, күйген техникалар туралы хабарсызбын деп ант-су ішті. Десе де желі жаңартылып жатқанын айтып ақталды.
Бақдәулет Құрманбекұлы, Ордабасы ауданы электр жүйелерінің басшысы:
- Жарық өшпейді деп айта алмаймын, өшеді. Ол техника ғой. Қысқа болады, тек халық емес қой, бұл жерде 3 фазада отырған жеке кәсіпкерлерде көп. Ақаулар болады. Бізде арнайы бөлінген бригада, техника бар. Жедел түрде жұмыс істейміз.
Басшы үш ауылдың электр жүйесін толық жаңартуға ары кетсе, үш апта уақыт қалғанын айтады. Бірақ кернеудің неліктен жиі ойнайтынын сол бойы түсіндіре алмады. Ал тұрғындардың жарамсыз техникалары тек қоқысқа кетіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!