Оралда екі жылға созылған сот одан әрі жалғасатын болды
Ортақ мәмілеге келе алмады. Оралда екі гектар жерге қатысты екі жылға созылған сот одан әрі жалғасатын болды. Бүгін апелляциялық сот алқасы консерві зауыты, жергілікті әкімдік пен құрылыс компаниясы өзара ымыраға келсін деген шешімді өзгертті.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
22.12.2022
Айгүл Маштакова, судья:
- Сот алқасы Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 23 қараша 2022 жылғы азаматтық іс бойынша шығарылған шешімді өзгертсін. Істі тоқтату мерзімі 10 жұмыс күні деп көрсетілсін.
Бұл даулы істі осыдан бір ай бұрын экономикалық сот үш тарап өзара ымыраға келсін деп шешіп еді. Бірақ «Кублей» де, әкімдік пен құрылыс фирмасы да оған үзілді-кесілді қарсы. Өйткені зауыттың санитарлық аумағына салынған көпқабатты үйлер сүрілмесе, кәсіпорын экологиялық лицензиясынан айырылады. Ол кезде 700-ден астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Ал сот кәсіпорынның пайдасына шешім шығарса, 200 отбасы баспанасыз қалғалы тұр. Сондықтан судья «өгізді де өлтірмей, арбаны сындырмаудың» амалын қарастыруда.
Жәнібек Башанов, «Кублей» ЖШС заңгері:
- Бұл да осы жерде заң бұзушылық болып тұр. Азаматтық процессуалдық кодекс негізінде шығарған ұйғарым қайшы болып тұр. Өйткені бейбіт келісімге келмей жатырмыз. Қалайша, шағымымызсыз бейбіт келісімге бізді мәжбүрлейді. Енді қайтадан басталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!