{metadescription}
Әйелі күйеуінің қылмысын полицияға айтып берді
Әйелі күйеуінің қылмысын полицияға айтып берді

Әйелі күйеуінің қылмысын полицияға айтып берді

Күйеуін ұстап берді. Ақмола облысының Атбасар ауданында өзара жанжалдан соң, әйелі күйеуінің қылмысын әшкере қылды. Ол полицияға отағасының сарайда есірткі сақтайтынын айтып берген.

Жолдасының жанжал шығарып, қоқан-лоққы көрсеткені зайыбының әбден зығырданын қайнатса керек. 34 жастағы азаматтың құпия кәсібін жария ету үшін учаскелік инспекторға шағым түсірген. Онда күйеуінің сарайда есірткі жасырғанын айтқан. Аяқ астынан сау ете түскен полицейлер бірден қора-қопсыны тінтіп, пакетке салынған қоңыр, жасыл түсті ұнтақты тапқан. Үй иесі тыйым салынған заттың өзінікі емес екенін айтып жалтарған. Бірақ көп ұзамай мойындапты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде