Ақтөбеде Аяз ата мен ертегі кейіпкерлері тұрғындардың көңілін көтеріп жүр
Ақтөбеліктер Жаңа жыл мерекесін тойлауды бастап кетті. Аяз ата бастаған ертегі кейіпкерлері он күн бойына тұрғындардың көңілін көтеретін болады.
Автор: Жаңалық Ахаш
22.12.2022
- Жаңа жылыңызбен!
- Құтты болсын, өздеріңе де.
- Немерелеріңіз бе?
- Шөберелерім.
- Жаңа жылдарыңмен!
Ақтөбедегі барлық Мәдениет үйі қызметкерлері алдағы екі апта бойы тыным таппайды. Таң атқаннан кеш батқанша көшедегі жұртқа мереке ұйымдастыру соларға жүктелген. Аяз ата мен Ақшақарлар шаһардың барлық ауданын аралап, ән-жырын арнап, жолай өнер көрсеткендерге тәтті таратуы тиіс. Шерулетіп мейрамға шыққан ертегі кейпкерлеріне ақтөбеліктер дән риза. Балалармен жарысып ересектер де тақпақ айтып жатыр. Аяз атаға тілегін айтып, бата беріп жатқан қарттар да бар.
- Жаңа жылдарың құтты болсын! Бақытты болыңыдар! Өмір жастарың ұзақ болсын! Дендерің сау болсын! Жаңа жылдан жаңа жылға табысты жете беріңдер!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!