{metadescription}
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы жалғаса береді
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы жалғаса береді

«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы жалғаса береді

«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы келер жылы жалғасатын болды. Ол үшін мемлекет келер жылға 100 миллиард теңге қаражат бөлмек.

ҚР Ұлттық банкі:

- Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «720-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын іске асыру жалғастырылатын болады. Тиісті шешім Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 123 Қаулысымен қабылданды.

Мемлекет бұған дейін аталмыш бағдарламаға 852 миллиард теңге жаратыпты. Соның арқасында ипотекалық бағдарламаның игілігін көріп, 64 мың жеңілдетілген несие рәсімделген. Кейін бөлінген қаражат таусылған соң, үкіметтегілер бір сәтке жаңа ипотекалық бағдарлама ойлап табудың қамына да кірісіп кеткендей еді. Бірақ мемлекет басшысы «7-20-25»-ті жалғастыру керек дегеннен соң, ипотекалық бағдарламаға қосымша қаражат бөлініп отыр. Тек, бұл жолы ережеге түзету енгізіліпті. Мысалы, енді әр азамат «7-20-25» бағдарламасының көмегімен тек бір рет жеңілдетілген несие рәсімдеп пәтер ала алады. Бұрын мұндай шектеу болмаған. Ал қалған талаптар сол күйінде өзгеріссіз. Яғни азаматтар 20 пайыздық бастапқы жарнамен 7 пайыз жылдық мөлшерлемеде 25 жылға дейін несие рәсімдей алады. Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау мен Атырауда пәтердің ең төменгі құны 25 миллион теңге болса, Қарағандыда 20, ал қалған өңірлерге 15 миллион теңге.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.