{metadescription}
ДСМ бетперде тағып, адам көп жиналатын жерге бармауға кеңес берді
ДСМ бетперде тағып, адам көп жиналатын жерге бармауға кеңес берді

ДСМ бетперде тағып, адам көп жиналатын жерге бармауға кеңес берді

Елімізде жедел респираторлы вирус пен тұмау өршіп тұр. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарға бетперде тағып, адам көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес берді.

Ведомствоның мәліметінше, тұмауға қарағанда жедел респираторлы вирус инфекцияларын жұқтыру дерегі артқан. Эпидемиологиялық маусым басталғалы елімізде 2 миллионнан астам тұрғын осы кеселге шалдыққан. Оның басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл алаңдайтындай көрсеткіш. Сондықтан дәрігерлер жұқпалы кеселден ұдайы қорғанып жүруге кеңес береді. Ал ауруға шалдыққан жағдайда дереу ақ халаттыларға қаралу қажет. Денсаулық сақтау министрлігі инфекциялық ауруларға қарсы тұратын вакцина жеткілікті деп отыр. Республика халқының 12,7 пайызы тұмауға қарсы екпе алып үлгерген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде