{metadescription}
Отшашу сатып аларда назар аударатын нәрселер
Отшашу сатып аларда назар аударатын нәрселер

Отшашу сатып аларда назар аударатын нәрселер

Отшашу опық жегізбесін. Былтыр Алматыда жаңажылдық мереке күндері 39 адам пиротехниканың кесірінен зардап шеккен. Оның 29- ы — бала. Басым бөлігі қолдану тәсілін білмейді. Ал кейбірі сапасыз отшашуды жайма базардан сатып алған.

Қазірдің өзінде қалада сертификаты жоқ пиротехника ашық сатылып жатыр. Қадағалайтын орган әлі рейд жүргізбеген. Қызық көремін деп, оқыс жағдайға тап болмас үшін нені білу керек?

Жылда қайталанатын дәстүр: жаңа жыл қарсаңында жарылғыш заттарды сататындардың саудасы қызады. Әсіресе базарларда. Мұнда баға арзан әрі қытайлық отшашудың түр-түрі бар. Тек қауіпті тауарды сатуға рұқсаты жоқ.

Алматыда биыл пиротехникаларды сатуға тек екі арнайы дүкеннің рұқсаты бар екен. Бірақ мұндағы баға базардағыдан мүлде бөлек. Ең арзаны 4-мың теңгеден 290 мың теңгеге дейін. Дегенмен кез келген тауарды алаңсыз сатып аласыз әрі оның сапасына еш күмән болмайды. Себебі, кәсіпкерлер әрбір қауіпті тауарға басымен жауап береді.

Әзім Мәсімов, кәсіпкер:

- Біз сатып алушылардың қауіпсіздігіне кепілдік береміз. Тұрақты тұтынушыларымыз біздің тауарды сақтау ережелерін ұстанатынымызды біледі. Ешқандай тауардың жарамдық мерзімі өтпеген. Егер пиротехникалар базардағыдай далада сатылатын болса, жауыншашынның кесірінен тауарлар дымқыл немесе ылғал болып қалуы мүмкін. Мұндай отшашулар қауіпті.

Отшашуды сатып алар кезде неге назар аударғанымыз жөн? Әуелі, пиротехникалардың қай жерде сақталғанына қараймыз. Яғни бөлме құрғақ болуы керек. Кейін мына құрылғылар қапталған ба, әлде ылғал ма, соған қараймыз. Бірақ, ең бастысы бұлардың сақтау мерзімі өтіп кетпеуі керек. Өйткені жарамсыз отшашулар өте қауіпті келеді. Жаққан кезде бірден атылып кетуі мүмкін. Тіпті қашып үлгере алмай қаласыз.

Соңғы бес жылда жаңажылдық мереке күндері Алматыда 56 өрт шыққан. Оның 10-ы пиротехниканың кесірінен. Ал былтыр отшашуды абайсыз қолданған 39 адам зардап шегіп, 8-і ауруханаға жатқызылған. Төтеншеліктер қауіпті затты қолдану кезінде сақ болуын тағы да ескертті.

Қайыржан Ақшайықов, Алматы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы:

- Пиротехниканы іске қосу кезінде баланы зымырандар мен отшашуларды өздігінен пайдалануға жол бермеңіз. Қауіпті аймақ радиуысында іске қосу үшін кедергілер жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Іске қосы кезінде қораптың үстіне қарай еңкеймеңіз. Қолдың созып тұрып фитильді тұтатыңыз. Фитиль өртенгеннен кейін қауіпті аймақтан шығу қажет. Өнімді қатты жел кезінде іске қосуға тыйым салынады.

Мамандар зардап шеккендердің басым бөлігі отшашуды дұрыс қолдана алмайтын бүлдіршіндер деп отыр. Дегенмен үнемдеймін деп, сапасыз тауарды жабайы базардан сатып алып опық жегендер де аз емес. Сондықтан тәртіп сақшылар мен төтеншеліктер екі күннен кейін пиротехника сататындарға арнайы рейд жүргізуге бекінген. Қалтасын қампайтуды ғана ойлап рұқсат қағазға бас қатырмайтын саудагерлер 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде