Әйелдер зейнетке 61 жастан шығады
Әйелдер зейнетке 61 жастан шығады. Және кемі 2028 жылға дейін. Бүгін мемлекет басшысы бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қол қойды. Оның ішінде әлеуметті алаңдатқан зейнет жасы туралы да бар.
Автор: Елдос Есенбол
26.12.2022
Әйелдердің зейнет жасын ұзарту мәселесі қоғамда біраздан бері талқыланып жүр. Көпшілік 63 жасқа дейін жұмыс істеу нәзік жандыларға ауыр дегенді көтерген. Бүгін мемлекет басшысы 2028 жылға дейін бұл тақырыпқа нүкте қойды. Бұдан бөлек, елдегі жастардың жасы 29-дан 35-ке дейін ұзартылды. Бала күтімі бойынша өтемақы енді бір жарым жасқа дейін төленеді. Ал базалық зейнетақы мөлшері жыл сайын кезең-кезеңімен ұлғайтылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!