Нұрлан Мәсімов пен оның сыбайластарын тергеу аяқталды
Тағы бір Мәсімовтің ісі сотқа жіберілді. Антикор жемқорлық бабы бойынша айыпталған Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов пен оның сыбайластарын тергеуді аяқтады.
Автор: Айғаным Достанбай
26.12.2022
Генерал-майор Нұрлан Мәсімов пен оның орынбасары Дамир Сиразидимовқа қатысты «ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады» деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған еді. Оларға мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде келісімшартқа қол қою үшін 90 млн 300 мың теңге сомасында пара алды деген айып тағылған. Сондай-ақ қару-жарақ сатып алуға бөлінген 420 млн теңгені де талан-таражға салды деген күдік бар. Антикордың жарты жылға созылған тергеуі аяқталып, іс сотқа енді жетіп отыр.
Нұрлан Мәсімов 13 шілдеде Шығыс Қазақстан облысынан Ресейге жалған құжатпен өтпек болған жерінен ұсталған. Нұрлан Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере інісі. Үлкен Мәсімовтің өзіне қатысты да іс "аса құпия" белгісімен сотта қаралып жатыр. Оған тағылған айып әлдеқайда ауыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!