{metadescription}
Көкшетау перзентханасында шетінеген егізге сараптама жасайтын болды
Көкшетау перзентханасында шетінеген егізге сараптама жасайтын болды

Көкшетау перзентханасында шетінеген егізге сараптама жасайтын болды

Көкшетау перзентханасында егіздің сыңары шетінеп кетті. Айы-күні жетіп ауруханаға түскен Динара Ибышева дәрігерлерді кінәлап отыр.

Динара Ибышева,Көкшетау тұрғыны:

- Жатқаннан бастап айттым, кесерево жасатыңыз деп. Менде қышыма, кіндікке оралу болды. Мерзімім келген соң тіпті УЗИ-дан көрсетті. 38-39 апта. Олар соңына дейін жүргенімді сұрады.

Жүктілігінің 39-шы аптасында өзін жайсыз сезінген Динара Ибышева жедел жәрдем шақыртып перзентханаға барыпты. Ол құрсағында егіз бар екенін білгелі дәрігерге уақтылы қаралып отырған. Бірақ перзентханада дәрігерлер тексеріп, егіздердің бірінің мойнына кіндігі оралып қалғанын айтқан. Бірақ мұндай жағдай жиі кездеседі деп жұбатыпты. Алайда құрсақтағы баланың қозғалысы баяулап қалғанын сезген анасы бес күн бойы дәрігерлерге ота арқылы босандыруды сұраған. Тек алтыншы күні жағдай әбден қиындағанда ғана кесір тілігін жасаған. Бірақ ол кезде егіздің сыңары шетінеп кеткен.

Елена Иванова, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Бұл жағдайда екі балаға бір планцета болған. Яғни әр баланың өз кеңістігі болу керек. Өкінішке қарай, егіздердің бір құрсақтағы «орны» жекежеке болуы 20 пайыз ғана кездеседі. Оларға бір артериядан біреуіне қан аз, біреуіне кем түскен. Оны диагностикада анықтау өте қиын. Ал кесір тілігін дәрігерлер науқастың сұрауымен жасамайды. Оған да әйелдің денсаулық көрсеткіші керек. Бала өлімінің нақты себебін сараптама анықтайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде