{metadescription}
Сенатта жетісулық шаруалардың жанайқайы айтылды
Сенатта жетісулық шаруалардың жанайқайы айтылды

Сенатта жетісулық шаруалардың жанайқайы айтылды

Субсидиясын ала алмай қалуы мүмкін. Жетісулық шаруалардың жанайқайы бүгін Сенатта айтылды.

Даудың басы Алматы облысының Алматы және Жетісу болып екіге бөлінуінен басталыпты. Қос облыстың шекарасы бөлініп, белгіленіп қойған. Тек бұдан кейін жер учаскелерінің құжатын қайта рәсімдеу керек. Алдын ала есептеу бойынша, бұған кететін шығын шамамен 3 жарым миллиард. Бұл дән салып, кәсіп етіп отырғандардың қалтасына айтарлықтай шығын дейді сенатор Ғалиасқар Сарыбаев. Депутаттың сөзінше, Жетісу өңірінде қайта тіркеуге жататын 238 мыңнан астам нысан бар. Егер, уақтылы құжат рәсімделмесе шаруалар тиісті субдсиясынан қағылуы мүмкін деді сенатор. Үш-төрт айдан соң егістік науқаны да басталады. Сондықтан Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтан бұл мәселеге назар аударуын сұрады.

Ғалиасқар Сарыбаев, Сенат депутаты:

- Мемлекеттік органдардың шешімімен елдімекендердің әкімшілікаумақтық құрылысы немесе шекарасы өзгерген жағдайда жер учаскелері елдімекендер шегіне қосылған кезде, жер учаскелерінің сәйкестендіру құжаттарын ауыстыру бюджет қаражаты есебінен қарастырылады делінген. Сізден Жетісу облысы жер учаскелерін сәйкестендіру құжаттарын қайта реттеуге 1,5 миллиард шығынды 2023 жылғы бюджет комиссиясын бірінші нақтылау кезінде бөліп беруіңізді сұраймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде