{metadescription}
Алматы облысында кәсіпкердің кірпіш зауытына көз тіккен
Алматы облысында кәсіпкердің кірпіш зауытына көз тіккен

Алматы облысында кәсіпкердің кірпіш зауытына көз тіккен

Бір арыздың кесірі тұтас кәсіпорынға тиген. Алматы облысында кірпіш шығарып тіршілігін дөңгелетіп отырған кәсіпкер зауытының бұзылуына қарсы шықты. Өндіріс ошағына көз тіккендер тұрғындарды қарсы қойып шулаттырған. Жұрттың айқайынан кейін сот Қайназар ауылындағы зауытты бұзу туралы шешім шығарыпты.

Алайда құжатым түгел деген кәсіпкер бұл шешім нысанды тексерместен қабылданды деп отыр. Ал жергілікті әкімдікегілер құрылыстың заңсыз жүргізілгенін әрі санитарлық талаптарға сай келмейтінін алға тартты.

Мәрзия Рамазан Қытайдан көшіп келген қандас. Кәсіпкер әйел осыдан төрт жыл бұрын Қайназар ауылындағы зауытты сатып алып, сол уақыттан бері кірпіш шығарумен айналысып келген. Осы уақытқа дейін миллиардтан аса теңгесін жұмсапты. Құжаттарымыз түгел, заңға қайшы келмесек те, екі жылдан бері басымыз даудан арылмады деп отыр. Сөзінше, биыл әкімдіктегілер сотқа беріп, осы айда сот бұл зауытты бұзсын деген шешім де шығарыпты. 

Мәрзия Рамазан, кәсіпкер:

- Мысалы, ауылға біз көмектесіп жатырмыз. Мешіт саламыз деді, үй өртеніп жатыр деді, бәріне кірпіш береміз. Жетімжесірлерге де көмектесіп жатырмыз. Ішінде 6-7 адам бар. Кешке дейін келеді, есігімізді қағады. Өздері келіп видео түсіреді. Ойына келгенін айтады. Өтірік ақпарат береді. Басқа зауыттарға ешқандай шағым түскен жоқ. Әкімдік, үкімет бізбен ғана айналысып жатыр. Сот та бізге ғана жүріп жатыр. Басқа зауыттар жүріп тұр. Біздің жұмысымыз тоқтап қалды.

Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Рахат ауыл округінде кірпіш шығаратын үш зауыт және бір карьер бар. Өткен жылы жергілікті жұрт аталмыш кәсіпорындардың кесірінен шаң мен түтіннен көз ашпайтын болдық деп наразылық білдірген. Тұрғындар төрт кәсіпорынның жабылуын талап етсе де, әкімдіктегілердің өзге өндіріс ошақтарын елемей, тек біреуіне ғана шара қолданғанына кәсіпкер аң таң.

Тамара Окунева, заңгер:

- Зауыт бұрын кірпішті көміртегіні ауға шығаратын ескі тәсілмен күйдіретін. Жаңғырту жүргізілгеннен кейін ешқандай зиянды зат қоршаған ортаға тарамайды. Бірақ, не үшін екені белгісіз, атқамінерлер зауытты бұзып тастамақшы. Бұған олар құрылысқа рұқсат құжаттары жоқ деген бір ғана себеп келтіріп отыр. Алайда ешқандай құрылыс сараптамасы жүргізілмеді. Яғни дәлелдері жоқ деген сөз.

Ал ауылдағы атқамінерлер басқа пікірде. Зауыт санитарлық нормаларға сай келмейді әрі құрылыс заңсыз жүргізілген деп, тек сот шешіміне сүйене сөйлеумен болды ауыл әкімі. 

Қайсар Бөгісбаев, Рахат ауылы округінің әкімі:

- Бұл ауыл шаруашылығы жері болған соң, кейін жер қойнауын пайдаланушы келісімшартпен жұмыс істейтін болған соң, облыс тарапынан рұқсат алатын. Енді қазір толық сот жүріп, соның шешімі шықты. Санитарлық нормаларға сай орналаспағаны үшін және экологиялық ақауы болған. Құзырлы органдар, сот қарастырып, осындай шешім қабылдап отыр.

Енді кәсіпкер сот шешіміне шағымданып, жоғарғы инстанцияларға жүгінбекші. Әділдік талап еткен ол төгілген тер мен еңбек зая кетпес үшін соңына дейін баруға бекінген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде