{metadescription}
Алматыда фитнес-клубтарда ұрлық жасап жүрген жігіт ұсталды
Алматыда фитнес-клубтарда ұрлық жасап жүрген жігіт ұсталды

Алматыда фитнес-клубтарда ұрлық жасап жүрген жігіт ұсталды

12 мың еуро үптеп үлгерген. Алматыда фитнес-клубтарда ұрлық жасап жүрген жігіт ұсталды. Қаладағы жаттығу залдарына бас сұғып, клиенттердің бағалы заттары мен ақшасын қолды қылған ұры қылмыс үстінде қолға түсті.

Қамауға алынған әккі сұғанақтың арам пиғылы бейнебақылау камерасына да түсіп қалған. Видеода оңай олжаға құныққан азамат бірден киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, фитнес-клубта жаттығатын адамдардың жеке заттарын алып кеткенін байқауға болады. 32 жастағы жігіт үнемі бір реттік жаттығуға жазылып, өзгелердің қымбат ұялы телефондарын, зергерлік бұйымдары мен ақшасын тонап жүрген. Оның осы сынды тағы ондаған ұрлыққа қатысы бары анықталды. Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде