{metadescription}
«Джулия» мюзиклі күлдіре отырып, көзіңізге жас алдырады
«Джулия» мюзиклі күлдіре отырып, көзіңізге жас алдырады

«Джулия» мюзиклі күлдіре отырып, көзіңізге жас алдырады

Музыка мен махаббат үндескен мюзикл! A’Studio тобының үздік әндеріне негізделген жаңа мюзикл көрермендерге жол тартты. «Джулия» атты тың туынды қалың көпшілікті әсем әнмен тербетіп, қайталанбас әсер сыйлайды. Қала тұрғындары мен қонақтары ерекше қойылымды «Алматы театрынан» тамашалай алады. Мюзикл не туралы және оның қандай ерекшелігі бар?

Жаңа ашылған Almaty тheatre сахнасында жаңа мюзикл. «Джулия» атты тың туынды танымал A’Studio тобының үздік әндеріне негізделген. Мюзиклдегі би, жанды дауыста шырқалатын әсем ән, ансамбль, сәт сайын түрленетін декорация көрерменді бірден баурап алады.

Қойылымның оқиға желісі әйгілі Apple Pie тобының мүшелері Шыңғыс, Тимур мен Джулия арасында өрбиді. Әншілер арасындағы шынайы достық пен махаббат, топтың ерік-жігері, қайғысы мен қуанышы қалың көпшілікке қайталанбас әсер сыйлайды. Күле отырып көзіңізге жас аласыз, 90-шы жылдарға сапар шегіп, музыканың құдыретін сезінесіз. 

Дана Сағымбай, актриса:

- Джулияның образы, әрине, маған күрделі болды. Өйткені, Джулияның өзі жанжақты адам. Әрине, іздендім. Мюзикл жанры өте күрделі жанр. Бұл жерде тек өлең айту емес, билейсің, актерлік шеберлігіңді көрсетуің керек. Бұл кәдімгідей үлкен театр қойылымы. Бізбен өз ісінің мамандары жұмыс істеді.

Рас, мюзиклдің сәтті шығуына үлкен шығармашылық топ ат салысқан. Оның құрамында ресейлік қоюшы-режиссер Василий Бархатов пен A’Studio тобының жетекшісі Байғали Серкебаев та бар. Ал қойылымды еліміздің түкпір-түкпірінен және ТМД елдерінен іріктелген өнерлі жастар сахналайды.

Қайрат Көлбаев, «Джулия» мюзиклінің бас продюсері:

- Біріншіден, бұл Қазақстандағы жаңа жанр. Сюжет желісі өте қызықты. Бұл жобада үлкен команда жұмыс істеді. Кастиңге 3 мың адам өтініш қалдырды. Оның 300-ін тыңдап, 50 талантты жасты таңдап алдық. Арасында танымалдысы да бар. Биыл AStudio тобына 35 жыл толды. Осы топтың «Джулия» деген әннің өз тарихы бар. Сондықтан мюзиклға осы атауды таңдадық.

«Джулия» мюзиклі бүгіннен бастап көрермендерге жол тартты. Ерекше қойылымды 8 қаңтарға дейін Almaty тheatre-нан тамашалауға мүмкіндік бар. Жаңа мюзиклден қалыс қалмаңыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде